"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Наумовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Наумовка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – халық жанын танудың кілті» атты сайыстың қорытындысы 2017-2018 оқу жылы Наумов орта мектебі – бақшасы

06.10.2017

«Тіл – халық жанын танудың

кілті» атты сайыстың қорытындысы

2017-2018 оқу жылы

Наумов орта мектебі – бақшасы

     3 қазанда Наумов орта мектебінде «Тіл –халық жанын танудың кілті» атты 7 –сыныпқа арналған аудандық сайыс өтті. Ол сайысқа 11 мектептен 11 оқушы қатысты. Олар: Бандаренко Александра, Девятко

Екатерина, Калбова Мария, Куницына Дарья, Багдан Анжела, Бернюкейвен Маргарита,

Миллер Светлана, Раик Николь, Кирилова Анжелика, Тинькова Янина, Громова Камила.  Осы сайыстың кезекті

өтуі биылғы жылы Наумовка орта мектебіне тапсырылды. Соған орай мектебіміздегі қазақ тілі мұғалімдері мен мектеп ұжымы  ұйымдастыру ісіне жұмыла ат салысты. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мұғалімдері – Басымова Г.Р, Тилейхан К және Сипульдина Ж.К.

    Оқу бағдарламасының жаңаруына байланысты осы мектептегі қазақ тілі  мұғалімдері

ақылдаса отырып, осы сайыс жылдағыдан өзгеше болуы үшін сайыс ережесіне өзгертулер енгізді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Олар: 1 - кезең «Кім жүйрік?» Сұрақ – жауап әдісі

2 - кезең «Ребус шешу» (мақал-мәтелге байланысты ребустар)

3 - кезең «Тапқырлық» Үш тілде сөздерді аудару(қазақша-орысша-ағылшынша немесе орысша-қазақша-ағылшынша)

4 - кезең «Шешуін тап» (жұмбақ шешу сайысы)

5 - кезең «Алтын жұмбақ» (Бұл сайыста салт-дәстүрге қатысты тапсырма. анықтаманың қандай салт- дәстүрг жататынын айтады.)


      Осы сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды Кирдищева орта мектебінің оқушысы Кирилова Анжелика 18б  (Мұғалімі – Төлеубек Е); 2-ші орынды №2  Ақкөл орта мектебінің оқушысы Богдан Анжела 17б  (Сейтенова Н.С.) және   №1 Ақкөл орта мектебінің оқушысы Тинькова Янина 17б (Кылышева А.Т.);  3-ші орынды

Наумов орта мектебінің оқушысы Громова Камила 16 баллмен (Мұғалімі – Басымова Г.Р.) иеленді.

    Қалған оқушылар қатысқандары үшін мадақтамамен марапатталды.

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст