"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Наумовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Наумовка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымы басшысының ата-аналар қауымдастығы алдында есеп беру кездесуі (қашықтықтан) хаттамасы «Наумов орта мектебі-бақшасы» КММ Ақкөл білім бөлімі.

Білім беру ұйымы басшысының ата-аналар қауымдастығы алдында

есеп беру кездесуі (қашықтықтан)

хаттамасы

«Наумов орта мектебі-бақшасы» КММ

Ақкөл білім бөлімі.

19.10.2020

Қатысты:

«Наумов орта мектебі-бақшасы» КММ директорының м.а. - Брух С.А.,

қамқоршылық кеңестің мүшелері, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері.

Күн тәртібі:

1.Мектеп және балабақша директордың м.а. Брух С.А. бірінші тоқсан ішінде білім беру ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын жұмсауы туралы есеп беру.

2.«Наумов орта мектебі-бақшасы» КММ ағымдағы жөндеуін аяқтау туралы.

3.Тұрақты оқыту режимі кезінде санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың сақталуы.

4.Білім беру ұйымының мемлекеттік қызметтерді ұсынуы туралы.

Тыңдалды:

   Бірінші сұраққа қатысты Светлана Анатольевна білім беру ұйымы өткен кезең ішінде ақшалай қаржыландыру болмағанын түсіндірді. Мектептің педагогикалық ұжымы өз еріктерімен «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларына қатысты, онда керекті кеңсе заттарын, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған рюкзактарды сатып алуға көмектесті.

   Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының м. а. 18 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы айтты.

Мектепті жөндеу кезінде ескі ағаш терезелері 60 заманауи пластик терезелерге ауыстырылды. Бірінші қабатта бетон еденін төсеуі аяқталды. Дәретханалар мен жылу жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу. Бірінші қабаттың дәлізі мен фойесінің қабырғалары және төбелері, жаңа есіктермен және ашық түсті панельдермен өзгертілді. Құрылыс- жұмыстарын «Ілияс» ШҚ жүргізді.

    Үшінші сұрақ бойынша Светлана Анатольевна санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды тұрақты оқыту режимінде сақтау үшін Ақкөл ауданының АББ бөліп бергені;

Тазартқыштар - 4 дана

Дезинфекциялық төсеніштер-2 дана

Дезинфекциялаушы - 15 литр.

Пирометрлер-3

1 х гермицидті шам

Медициналық маска-320 дана

Деохлор-3 консервілері

1 урна

Мектеп директоры ата-аналар қауымдастығына қазіргі уақытта «Наумов орта мектебі-бақшасы» КММ мемлекеттік қызметтің ұсынатын 5 түрін айтты:

1 «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау»

2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

3. «Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде ақысыз білім беруді ұйымдастыруға құжаттар қабылдау»

4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оларға теңестірілген адамдарға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауға құжаттар қабылдау»

2020 жылдың 1 тоқсанында 17 қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау» - 6, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау.»- 8,

қағаз түрінде 3.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан «Наумов орта мектебі-бақшасы» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

Шешім:

«Мектепке жол» және «Қамқорлық» акцияларына қатысуды жалғастыру.

 Қалыпты жұмыс кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау.

 Білім беру ұйымының мемлекеттік қызметтерді ұсынуы туралы ақпаратты ескеру.

 

                                                           Уразбекова Е.А._____________

                                                               Смирнова А. Ю.______________

                                                               Гернерейдер Д.Ф_____________

                                                          Найман А.А._______________

                                                        Конных С.П._____________

 

 

Жаңартылған күні: 01.11.2020 15:50
Құрылған күні: 01.11.2020 15:50

Текст