"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Наумовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Наумовка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақтың тақырыбы: «Қаныш тапқан қара тас»

20.01.2018

Сабақтың

тақырыбы: «Қаныш тапқан қара тас»

Сабақтың

мақсаты:

Білімділік:

Мәтінді түсініп оқуға және

мазмұны бойынша сөздерді өз сөзімен байланыстырып айта алуға, өз ойларын

жеткізе білуге үйрету; сұрақтарға еркін жауап беруге және тілдік материалды меңгерту;

Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйле және есте сақтау

қабілеттерін дамыту; Сауатты жазу мәдениетін дамыта отырып, тақырыпты деңгейлік

тапсырмалардың көмегімен меңгерту;

Тәрбиелілік: Қазақ халқының белгілі ғұламалары мен тұлғаларын білуге

және оларды, олардың еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ

түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, жаздыру, әңгімелесу, ой шақыру.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, қима

қағаздар, кесте.

Сабақтың

жоспары:

I.                 

Ұйымдастыру кезеңі

II.              

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

III.          

Өткенді еске түсіру. Үй тапсырмасын сұрау

IV.          

Топтастыру тәсілі

V.              

Жаңа сабақ

VI.          

Мәтінмен жұмыс. Құрмалас сөйлемдерді табу, түрлерін

анықтау. Деңгейлік тапсырмалар беру.

VII.       

Грамматикалық тапсырмалар беру.

VIII.    Іздену

жұмысы. «Сіз білесіз бе?»

IX.          

Бекіту. ИНСЕРТ стратегиясы бойынша

X.              

Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың

барысы:

1.     Ұйымдастыру

кезеңі

-        

Оқушылармен

амандасу (сабаққа дайындықтарын тексеру)

-        

Кезекшінің

мәліметі

2.     Сабақтың

тақырыбы мен мақсатын айту.

«Қаныш тапқан қара тас»

Өткенді еске түсіру. Үй тапсырмасын пысықтау. 54-бет,

5-сұрақ. Үй тапсырмасын айтып болған соң қорытынды жасаймын.

3.    

Топтастыру тәсілін қолдану

Адамда қандай қасиеттер болу керек?

 

 

 

 

 

 

4.     Мұғалімнің

сөзі

-        

Балалар

біздің өтіп жатқан модуліміздің тақырбы «Техника ғылымының саласындағы белгілі

тұлғалар»

Осы

тақырып бойынша қазақтың белгілі ғұламалары деген кезде кім ойға оралады?

«Ой қозғау» стратегиясы

1.    

Қаныш

Сәтбаеев туралы түсінік беріліеді және слайд көрсетіледі.

2.    

Шоқан

Уалиханов туралы әңгімеленеді және слайд көрсетіледі.

3.    

Әбу

Насыр әл Фараби туралы айту және слайд көрсету.

5.

Жаңа сабақ

Жақсы, ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қаныш Сәтбаевтің

өмірінен алынған бір оқиға. Авторы – Өмірсейт Шәріп ( Жоғарғы мектеп үздігі,

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері)

«Қаныш

тапқан қара тас»

1.    

Мәтінмен

жұмыс.

а) қиын сөздерді мәтіннен теріп жазып, мағынасын

түсіндіремін, қандай сөз екендігі айтылады

ғұлама (жиі қолданылмайды, тарихта, әдебиетте қолданылады) – ученый, великий;

қомақты

– объемистый, значимый;

көне

таңбалар (тарихи, көнерген

сөз) – реликвия, наследие;

шырағдан

(көнерген тарихи сөз) – факел, свеча;

орысша баламасын оқушылар интербелсенді тақтадан оқып

отырады.

ә) Мәтін бойынша оқушыларға тапсырма беру

 – Құрмалас

сөйлемді тауып, құрмалас сөйлемнің қай түріне жататындығын айтады.

Бірі сабақтас құрмалас сөйлемді тапса, екіншісі салалас

құрмалас сөйлемді тауып дәлелдейді.

Соның дәлелі, 20 ғасырдың басында...

Тастағы көне таңбалалардың сырын ашып,...

Тау ішіндегі Ақсақ Темір сарбаздарына,...

Қаныш Сәтбаев қара тасты тапқан кезде,...

Қорытынды жасап кету.

6.

Іздену жұмысы . Ақпарат. «Сіз білесіз бе?» Басқа да ғалымдар (келесі

сабақта міндетті түрде төмендегі аталған ғалымдарға жеке-жеке тоқталатындығын

айтып, қысқаша мәлімет беру)

Қаңлыбаева  Жамал Мұсағалиқызы – тау-кен ісі жөнінен қазақтың тұңғыш ғалым докторы

атанған әйел. «Құрмет» белгісі орденімен марапатталған.

Омаров Әшім құрамбайұлы – қара және түсті металдарды қорыту технологиясын

жетілдіруде көп еңбек жасады. Техника ғылымдарының кандидаты, профессор және

академик. Металдар технологиясы жөнінде тұңғыш рет қазақ тілінде оқулық жазды.

Әлімхан Ермеков – қазақтың математика саласындағы тұңғыш профессоры,

қазақ тіліндегі алғаш жарық көрген «Жоғарғы математика курсы» оқулығынығ

авторы. Сонымен қатар Қазақ КСР-і оқу-ағарту халық комиссариатының

тапсырмасымен математика  терминалогиясын

жасады.

Әлікей Марғұлан – тарих ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының

докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-інің ғылымға еңбек

сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Шоқантанушы,

қорқыттанушы, ондаған кітап пен 300-ден астам ғылыми –зерттеу жұмыстарының

авторы.

          7.

Бекіту. ИНСЕРТ кестесін толтыру.

Мен білемін

Мен үшін жаңалық

Мені таң қалдарды

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Үйге тапсырма беру

Қаныш Сәтбаев туралы ойтолғау жазып келу

9. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау

- Сонымен құрмалас сөйлем дегеніміз не?

- Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?

- Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас

дегеніміз не?

- Мәтіннен қанша құрмалас сөйлемдерді таптық?

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

Қосымша

Қаныш

тапқан қара тас

Ғұлама ғалым Қаныш

Сәтпаевтың ғылымға қосқан жаңалығы қомақты да, жан-жақты. Тек геология

саласында ғана емес, әдебиет, тарих, археология, типология, өнертану

салаларында да қосқан үлесі орасан.

Соның бір дәлелі,

20-жылдардың басында Томск университетін бітіріп келген жас ғалым Орталық

Қазақстанның кен қорларын зерттеп, Ұлытаудағы археологиялық мұраларды да

жинастырады. Тастағы көне таңбалардың сырын ашып, Алашахан, Жошы кесенелерін

тарихи мұра ретінде қорға қажеттігін мемлекет алдына міндет етіп қояды. Едіге

тауының басындағы батырдың ел аузында аты аңызға айналған бейітіне көтеріледі.

Тау ішіндегі Ақсақ Темір

сарбаздарына қару жасап, болат балқытқан орынды табады. Соның орны әлі күнге

дейін сақталған. Дәл осы жерден бетіне араб әрпімен жазылған белгісі бар қара

тасты кездестіреді. Бұл жәдігерде Әмір Темірдің 1392 жылы Тоқтамысқа қарсы

жорығы кезінде Ұлытауға келіп тоқтағаны айтылады.

Қаныш Сәтпаев қара тасты

тапқан кезде Қазақстан қалаларында тарихи мұражайлар болмағандықтан, өгіз

жеккен арбаға мініп, оны Қызылордадағы теміржол бекетіне әкеліп, 1927 жылы

поезбен Ленинград қаласына жөнелтеді. Қаныш Сәтпаев мұны Ресейдегі құнды

мұралар жинақталған Эрмитажға жолдайды. Бұл тас 1935 жылы Түркістаннан

алдырылған тайқазанмен бірге Эрмитаждың арнаулы бір бөлмесіне қойылған.

Өмірсейт Шәріп ( Жоғарғы мектеп үздігі, Қазақстан

Журналистер одағы сыйлығының иегері)

 

Просмотров: 686

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст