Текст
22 сәуір күні біздің мектепте "Өзіңе және адамдарға қуаныш сыйлайтын еңбек" жобасы аясында "Үлкен келешегі бар кәсіп" атты Форум өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: жасөспірімдердің әр түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастыру, оқушыларды мамандық туралы ақпарат іздеуге, саналы кәсіби мамандықты таңдауға ықпал ету. Іс-шара нәтижесінде жоғарғы сынып оқушылары әр түрлі мамандықтармен жақынырақ танысты. Болашақта мамандық оларға қуаныш пен рахат әкелу үшін еңбек адамдары туралы, өзінің кәсіби болашағы туралы ойластыру керектігін және "Мен кім боламын?" сұрағын қазір қою керектігін түсінді!