"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Наумовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Наумовка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылға арналған есеп

10.03.2022

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2021 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Наумовка ауылының мектеп – балабақшасы"КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумовка ауылы, Алтынсарин көшесі 30   

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Наумовка ауылының мектеп – балабақшасы» КММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы мектеп 13 қызмет көрсетті:

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 11;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 2.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

        Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау;

        Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

        "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру" ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

         Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;

         Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

 

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми сайтында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

  2)  мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

 

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шаралары өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

 

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2022 жылы мектепте қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

 

и.о.директора школы                                                                      Брух С.А.                                                               

 

Исп. С.А.Брух

Тел.2-48-94

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст