"Алға,Қазақстан" сап түзеу және ән байқауы
Бүгін, яғни 15 ақпанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оқушыларға патриоттық сезімін тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ММ "Наумовка орта мектебі- бақшасында" 1-9- сыныптар арасында «Алға Қазақстан» атты сап түзеу және ән байқауы өтті. Әр сынып өз командасында ерекшеліктерімен, дайындықтарын көрсете білді.
1-4- сынып оқушылары отанын қорғаушылар жайында шығарылған ерлік пен
сүйіспеншілікке толы әндерді ерекше жалынмен шырқады. 5-9 – сынып оқушылары сапта тұрып ән шырқау тәсілдеріне төселгендерін көрсете білді. Орындалған әндері Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге толы болды. 10 – сынып оқушылары АӘД пәнінің мұғалімімен бірге газтұтқыш кию әдістері мен автомат магазинін белгілі уақытта оқтап үлгеру әдіс-тәсілдерін дамыту жайында мастер-класс өткізді.