"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Наумовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Наумовка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылдың 18 қыркүйек күні Тілдер Мерекесі Күніне арналған аудандық жоспарды жүзеге асыру барысында Наумовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Тіл- ұлт айнасы» атты әдеби-музыкалық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне, орыс тіліне, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, олардың дүниетанымын кеңейту және шығармашылық қабілеттерін қолдау. Байқауға ауыл мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ, орыс ағылшын тіліндерінде өлең оқыды, әндерді жеке және топ болып орындады, халық билерін биледі. Қатысушылар дұрыс айтылымды, әртістік шеберліктерін көрсетті. Әділ қазылар алқасы: 1 Абдрахманова Ботагөз Олжабаевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Горький атындағы ЖОББМ; 2. Токумова Бекзат Жаныбековна, ағылшын тілі мұғалімі, Горький атындағы ЖОББМ; 3. ⁠Брух Светлана Анатольевна оқу ісінің орынбасары, Наумовка ауылының ЖОББМ. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, олар дипломдармен марапатталды: І орын: 1.Нұртазинова Анель 9 сынып оқушысы Мичурин атындағы ЖОБМ, мұғалімі Шугубаева А.Н. 2. Якубова Таисия 9 сынып оқушысы Талқара ауылының ЖОМ, мұғалімі Жумабекова У.С. ІІ орын: 1. Герман Вероника 8 сынып оқушысы Наумовка ауылының ЖОББМ, мұғалімі Мельникова Т.В. 2. ⁠Жанибекова Разия 8 сынып оқушысы Өрнек ауылының ЖОБМ, жетекшісі Кифер Л.И. 3. ⁠Толстых Максим 7 сынып оқушысы Наумовка ауылының ЖОББМ ІІІ орын: 1.”Аурум” би тобы Наумовка ауылының ЖОББМ, жетекшісі Громова К.Н. 2. Мухамеджанова Аружан 11 сынып оқушысы Өрнек ауылының ЖОББМ, жетекшісі Кифер Л.И. 3. ⁠Мухамеджанова Назерке 9 сынып оқушысы Өрнек ауылының ЖОББМ, жетекшісі Кифер Л.И. 4. ⁠Нұртазина Аделина, 5 сынып оқушысы, Мичурин атындағы ЖОБМ, жетекшісі Шугубаева А.Н. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

19.09.2025
Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст